lat: TEŃ
сын. 1 . Парапар, сай, лайық .
О, тағдыр, неғылған зұлмат ең!
Өмір-ай, неғылған қымбат ең!
Сағаттар ғасырмен өлшеніп,
Минуттар болсашы жылға тең (1,113).
Бір жылға тең боп бір күнің,
Санасыз, ойсыз мас қылдың.
Мінезін бермей түлкінің,
Жүрегін бердің қасқырдың (2,190).
2 . үст. Бірдей, қатар .
Не де болса, тәуекел, тең көрейік,
Әкел бері қайғыңды, тең бөлейік!
Бірімізге біріміз дем берейік,
Бір арбаның астында дөңгелейік (2,155).
Қақ бөлесің қайғыңды,
Келісеміз.
Алауын да, уын да тең ішеміз.
Кезбе бақыт кездесіп қалса бізге,
Тепе-тең ғып екіге бөлісеміз! (2,156).