lat: TEŃEÝ
Құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Әр нәрсені салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер, құбылту түрлері аз емес. Олардан теңеудің айырмасы – мұнда салыстыру тура, айқын көрінеді. Нені және немен салыстырғаны анық болады. Мұны сөйлеу тілінде қолданылатын қарапайым теңеулерден аңғаруға болады. Мысалы: басы қазандай (болып), жүрегім аттай тулап т.б. поэзиядағы теңеудің айырмасы, онда тек белгісіз нәрсені белгілі, қарапайым нәрсемен салыстыру арқылы түсіндіру мақсаты қойылмайды. Айтылып отырған нәрсені көркемдеп сипаттау, ұқсастықты көре білу арқылы ойды өткір, әсерлі етіп жеткізу жағы басым болады» Әдетте теңеу туралы сөз болғанда, салыстыру үшін не нәрсе алынады, қандай нәрсемен салыстырылады, соған көп мән беріледі. Асылында, мәселе тек онда ғана емес. Екі нәрсені теңестіруден, олардан ортақ сипат белгі табудан қандай мағына туып, қандай ой аңғарылады, қандай сезім әсер жалғастығы (ассоциация) пайда болады – міне, осы толық ескерілуі керек. Мысалы, Абай әдемі аударған Лермонтовтың «Қанжар» атты өлеңінде сұлудыңқаракөзі от тын, жалынына ұсталған болатпен салыстырылады, бірақ бұл жай ғана ұқсату емес.Болатша дірілдеген жалын көрген, Бір күңгірт тартып, және оттай жанған, – деп, сұлудың көз нұры бірде күңгірт тартып, бірде жалтылдап, көзіненот ұшқындағандай сипатталуы – оның көзінің де, болаттыңда бірде күңгірт тартып, бірде от ұшқындап, жалтылдауы. Дәл осы өлеңдегідей теңеудің үшінші мүшесі, яғни ортақ сипат белгі үнемі анық көрсетіле бермейді, бірақ қалайда оны жобалап түсінуге болады. Өйткені екі нәрсені теңестіру үшін олардан ортақ белгі сипат, ұқсастықтабу шарт. Сол арқылы сырт қарағанда бірбірінен мүлде алшақ, алыс тұрған нәрселелерді, құбылыстарды да жақындастырып, салыстыруға мүмкіндік туады. Мысалы, қымызбен қыз деген ұғымды жеке алғанда, олардан жақындық таба қою қиын. Ал Ілиястың: Қымыздай балға ашытқан тәттіқызға, Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз, –дейтінін еске алсақ, мұндағы теңеудің қисынды екенін еріксіз мойындаймыз. Бұл теңеу қыздың сөзі тәтті, мінезі сүйкімді, жүзі жылы деген сияқты көп мағына беріп тұр. Поэзияда теңеудің үлкен суреткерлік шеберлікті танытатын, ақынның ойлау, сөйлеу мәнеріне, стиліне сәйкес туатын келісті үлгілері аз кездеспейді. Мағжан күйшіні алғыр, жүйріктігін оның, жалындаған жаны жарқ-жұрқ етіп, алысқа от шашатын найзағайды елестететіндей етіп, салыстыра бейнелеп, ал Қорқыттың шарқ ұрып, өлімге қарсы тұратын амал іздеп таба алмай қиналған кезін «еңсесін басып, жанышқан ойлары ауыр, салмағы корғасындай» деп, ащы ойлар мен, уайым-қайғымен уланбаған жас шағын «ол уақытта жүрегі көздің жасындай мөлдір, таза еді» деп, бірнеше тартымды теңеулер қолдануарқылы өте шебер суреттеген. Ахметов З.