lat: TEŃESTİRÝ
Теңестір етістігінің қимыл атауы.
1. Тең, бірдей ету.
Диограмм деген аз бен көпті, үлкен мен кішіні теңестірудің белгісі. Теңестірген соң, дәлдеп өлшеу керек. Дәл өлшеуге келмейтін жерде, әрине, шамаламай болмайды (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Өндіріс барлық уақытта тауарлар қызметтерге сұранымды теңестіруге тырысады (Б.Жүнісов,... Нарық. экон. негіз.).
2. ә д е б. Теңеу.
Екі нәрсені теңестіруден, олардан ортақ сипат-белгі табудан қандай мағына туып, қандай ой аңғарылады, қандай сезім-әсер жалғастығы (ассоциация) пайда болады (Әдеб. термин. сөздігі).