ТЕҢГЕ

lat: TEŃGE

зат. Құн өлшемі ретінде пайдаланылатын, қағаздан, күмістен арнайы жасалған ақша.

Шекпен алсаң, сен алдың, шен де тақтың,

Шетірейдің кісімсіп, теңге таптың.

Қырық жыл өткізіппін қой соңында,

Сопа басым сорайып мен не таптым?! (1,184).

Дейді әкем: Қызым, ойлан, жөнге көн, Қарық қылам бір жүз сомдық теңгемен .

Жүз сом ақша тәп-тәуір-ақ сыйлық қой, Бірақ одан жүз есе артық Тэм Глэн (4,31).