lat: TEŃGE
з а т. 1. Құн өлшемі ретінде пайдаланылатын ақша.
Балама оқудағы салып ем хат, Екі мың теңге беріп һәм қаражат. Ақша мен хатты апарған прикащігім Тоналып, айтып келді бір жаманат (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Сыйлар да кейбір кесапат Өзіңді емес, теңгеңді. Жолата көрме қасыңа Өтірік-өсек тергенді. Тіршілікке мынау Сергек қара сен де енді (К.Салықов, Жезкиік).
2. Бір сомдық ақша.
Бір теңге беріп жырлатып, Мың теңге беріп қойдыра алмады (Мақал).
Арқадан бір теңгеден алып келіп, Сатады үш теңгеден Сырға шайын (Айтыс).
3. Ұсақ күміс ақша; Орталық Азия мен Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттерде және соған шектес аумақта күмістен шекілген мәнет.
Тарихшылардың археологиялық, нумизматикалық зерттеулерге сүйене отырып айғақтауынша, Қазақстан аумағында теңге тарихы ежелгі замандардан бастау алады. Ежелгі түркілер Ұлы Жібек жолының бойында (ҚҰЭ).
4. э к о н. Қазақстан Республикасының ақша өлшемі, ұлттық валютасы. ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” 1993 ж. 13 қарашадағы Жарлығымен осы жылдың 15 қарашасында айналысқа шығарылып, ел аумағындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналды (ҚҰЭ).