lat: TEŃGE
з а т. в е т. Малдың ауыз ауруы.
Теңге – малдың ауыз ауруы. Қозы, лақтың «қарасүйел» ауруы өршіп жаппай тараған кезде самай тамыры мен тіласты көктамырын шертіп қан ағызады және ауызға түскен «теңге» жұқпалы жарасына қарсы ауыз ішіндегі ұсақ тамырлардан қан шығарады (ҚҰЭ).
Теңге болған мал тілінде дөңгелек, қызыл жаралар пайда болып, жұтқыншаққа шабатын дөңгелек жарамен білінеді. Ауру себебін қазақтар тұз бен ащы оттың аздығымен байланыстырады. Ондайда мал аузын үзеңгімен керіп ашып, жараларды ыстық темірмен күйдіріп, қуырылған 2 уыс қара тұз бен тотияйын, арша көмірі, құрым киіз күйесін араластырған қоспамен үйкейді (Ж.Бабалықұлы, Төрт түлік.).