ТЕҢГЕ

lat: TEŃGE

(пар. тенге تنگه)     

1. Ерте кезде қолданылған күміс монета.

Патшаға құрып берді алтын шатыр, Мың теңгеге шатырдың пұлы татыр («Патша Синдбад хикаясы». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).

Жанымнан төрт жүз теңге пұлым кетті, Тып-типыл сақал-мұртты күзеп салды («Сыршы молда». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).

Кеткелі төрт жүз теңге қарыз бопты, Сатылмақ ертең үйім болып төрік («Сыршы молда». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).

2. Ауысп. Қыздардың бұрымына тағатын әшекей.

Мойнына, желек көкірекше рәуішті тағып тас һәм алтын-күміс теңгелер тағады (Дала уалаятының газеті. 1888).