Теңсіз

lat: TEŃSİZ

с ы н. 1. Теңі, теңдесі жоқ.

Отан ана деген сөз тереңдігі жағынан теңсіз образ («Қазақст. мект.»).

2. Теңдік жоқ, тең праволы емес.

Камила әйел қоғамының артта қалған теңсіз тобының өкілі (Ғ.Мұстафин, Қыр жігіті).

Міне, осындай күшпен езуге кіріскен, теңсіз мал есебінде ұстаған патша хұкіметін рақымды хұкімет деп қазақ халқы айта алмайды (Х.Есенжанов, Тар кезең).