lat: TEBİRENİS
з а т. Жан толқуы, толғаныс.
Оның жан дүниесінде бір тебіреніс болғанын ішім сезді (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ).
Оның туған жерге деген жүрек тебіренісін осы қоңыр ыңылы айтып жеткізіп жатқандай (Е.Салихов, Алақан).
Көл қарайлап, Жүрмін ғой қия алмай да, Тебіреніс көп шабытшыл құмар жайда. Әкетер ем арқалап Алатауды, Болады ғой қиянат Тұманбайға (К.Салықов, Жезкиік).