Тебісу

lat: TEBİSÝ

Тебіс етістігінің қимыл атауы; бір-бірін тұяқпен тебу.

Шаңырқап келіп, астауға бас қойған жылқы ғой мыналар, дейді Әлжан. Бірін-бірі қағып, тістелеп, тебісуін қарашы! (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).

Сүйектің сынуы негізінен ұрып-соғудан, малдың сүзісуінен, тебісуінен, жығылуынан болады (Ғ.Әбішев, Мал. жарақат.).