lat: TEGENE
з а т. Ағаштан оймышталып, әшекейленіп, күмістеліп жасалып, қымыз құюға арналған тұтқалы, үлкен шұңғыл ыдыс; үлкен шара, тұтқасыз, эмальді алюминий ыдыс.
Жақсыбайдың жалғыз баласы Әділ Милы құдығына бүгін қонып, биесін байлатып бола сала үй тігілгенге қарамай-ақ далаға сырмақ салғызып, бір табақ піскен ет пен бір тегене қымызды ортаға алып, құрбы-құрдасымен мәз-майрам болып отыр (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
«Мақсат істеген» күмісті қызыл тегенедегі қымызды сабы сүйектеулі бүйрек тәрізді қайыңның безінен шабылған шұбар ожаумен сапырып отырған Елеусіз деген жігіт (Ж.Аймауытов, Шығ.).