ТЕГЕРМЕШ

lat: TEGERMESH

з а т. ж е р г. 1. Доңғалақ, дөңгелек. Жұрт жұмысының т е г е р м е ш і ілгері айналса, оны шыбық салып тоқтатамын дегендер құр арам тер болуы қашаннан-ақ бар нәрсе («Қазақ» газ). Манадан бері ешбір дыбыссыз, жұп-жұмсақ ырғалып-тербеліп келе жатқан пәуеске т е г е р м е ш і тасқа соғып, даңғыраңғыр салдырап қоя берді (Ө. Қанахин, Жас дәурен). Орталыққа барғандағы жұмысым арбаның т е г е р м е ш і н жаңарту едіаз. тілі. аймақ. сөздігі). Бір минут, екі минут өтті ме, өтпеді ме, машина теңселіп қозғала бастады; үлкен т е г і р м е ш і бір айналдақ машинаның соңынан бар нәрсе айнала берді (А.Байтұрсынұлы,.. Оқу құралы). 2. Диірменнің дөңгелек тасы.