Техникум

lat: TEHNIKÝM

з а т. Халық шаруашылығының түрлі салалары үшін мамандар даярлайтын кәсіптік арнаулы орта оқу орны.

Сен сияқты жеті жылдық бітіремін, онан кейін техникум, онан кейін институт, онан кейін тағы бірдемесін бітіремін деп жүрер деймісің (Х.Есенжанов, Көп жыл.).

Бүркіт күзден бастап астанада жаңа ашылған мұғалімдер техникуміне сабақ беретін боп келісті (І.Есенберлин, Қатерлі.).