ТЕХНИКА

lat: TEHNIKA

з а т. Өндіріс құралдарының жиынтық аты. Таубай үшін тер төгілетін шақ дер кезінде туғалы тұр, осыдан барысымен ауданның бүкіл т е х н и к а с ы н сор бойына төктіреді (Р.Тоқтаров, Тұлпар.). Бұл күнде қол күшінің бәрін т е х н и к а алмастырды, егістік көлемі жүздеген есе көбейіп, түсетін өнім де молайды (Ы.Кененбаев, Лабасы.). Бұрын көшпенді, мал өсірумен ғана айналысқан қазақ сияқты халыққа бүгін егін егу, канал қазу, ауыл шаруашылығының жаңа т е х н и к а с ы н меңгеру, шын мағынасындағы еңбектің озық өнегелерін бойына сіңіру барлық жерде бірдей оңайшылықпен табылып жатқан жоқ (Ғ.Мүсірепов, Суреткер парызы).