ТЕХНИКАЛЫҚ

lat: TEHNIKALYQ

с ы н. Техникаға тән, техникаға қатысты. Осындай т е х н и к а л ы қ тәсілдермен мыңдаған адам өмірін аман алып қалуға болатындығына көз жетіп отыр (Т.Омаров, Күн және табиғи құбылыстар). “Өледі” дегенді әлде бір ашумен айтты. Облыстан бүкіл т е х н и к а л ы қ аппараттарымен дәрігер шақырттық, келісімен операция жасаймыз (Б.Нұржекеев, Бір ғана махаббат). Шындықта, біздің конструкторлар үлкен талантты сонымен қабат т е х н и к а л ы қ ғылымдарды толық меңгерген адамдар (Ғ.Мұстафин, Ой әуендері).