lat: TEJEÝ
Теже етістігінің қимыл атауы.
1. Сабырлық ету, өзін-өзі ұстау.
Көпке дейін тежеу мүмкін болмады Ұлан-асыр қуаныштың тасқынын. Өте орынды соғылды бұл шапалақ, – деп сөз алды тостаған көз жапалақ (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Күлгенде денеңмен, қасыңмен Қызуын тежеуді қойды аптап. Жүрсің сен, ақ бота, жас інген, Көзімнің алдында ойнақтап (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).
2. Бөгеу, кедергі жасау.
Жоқ, өмірдің дамуының өз заңы бар, оны тежеуге болмайды, ол өзін адамға мойындатады (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ).
Адам су ресурстарын есептеп бөлуді, ірі өзендердің ағысын өзгертуді, орасан көлемді сусыз жерлерді суландыруды, өзендер ағысын бөгеттер салып тежеуді жєне реттеуді жєне т.с.с. көптеген әрекеттерді жүзеге асыруда (Т.Қалыбеков, Экология.).