Тежелу

lat: TEJELÝ

Тежел етістігінің қимыл атауы, бөгелу, бәсеңделу.

Ми клеткалары біраз уақыт қозғаннан кейін өздігінен қайтадан тежелуге көшеді де, сөйтіп мидың дұрыс қызмет атқаруына толық жағдай туады (М.Мұқанов, Жан дүниесі.).

Қауынның зақымдануы және өсуінің тежелуі топырақтың, қоректік ерітінділердің тұздануына тікелей байланысты («Қазақст. мект.»).