ТЕЖЕЛУ

lat: TEJELÝ

Белсенді, қозумен ажырағысыз байланысты, жүйке орталықтары немесе жұмысшы органдары қызметін кідіртуге апарып соғатын процесс.. Жүйке орталықтарына қатыстылары орталық Тежелу, екіншілері перифериялық Тежелу деп аталады. Перифериялық тежелуді кезбе жүйкені ырғақты тітіркендіру кезінде жүректің жиырылуы кідіртілетінін анықтаған ағайынды Әр. және Эд, Веберлер 1840 жылы ашты. Орталық тежелуді 1863 жылы И. М. Сеченов ашты. Бұл ашылыс нейродинамиканы зерттеуге ғана емес, сонымен қатар психикалық процестердің реттелуіне де терең ықпал жасады. Тежелудің табиғаты ұзақ уақыт анықталмады. Бастапқыда физиологтар оны тиісті жасушалардың енжар жағдайымен немесе сарқылуымен тендестірді. Қазіргі уақтта жасушалық белсенділіктің тежелуінің әртүрлі екі әдісі анықталды; тежелу не ерекше тежеу қүрылымдарының белсенділігі артуының нәтижесі болуы мүмкін, не Тежелу жасушасының алдын ала қозуының салдары ретінде пайда болуы ықтимал.