1 з а т. 1. Адамның түп нәсілін, арғы атасын білдіретін тарихи ұғым. Т е к жаратылыстану ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі. Мұның негізінде бірнеше ғылымның салалары мен ұғымдар пайда болып, ғылыми атауға айналған. Мысалы, тіршіліктің, адам тегінің пайда болуын, эволюциялық дамуды айтуға болады (ҚҰЭ). 2. Арғы ата, сай, сүйек, зат. Тойынғаннан кейін т е г і ң д і, туған еліңді ұмытып кетпесең болады (С.Мұқанов, Есею жыл.). Ендеше жас дауегері Арыстаным, Жебедей жерге тыққан алысқанын. Қайратты, сымбатымен, т е г і де бай, Үлкен сый, біле білсең танысқаның (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Ей Әлібек, Әлібек Асып туған атадан, Алтынды сүйек, асыл т е к, Тыңдасаңыз сөзімді, Тілеймін сізден бір тілек (Айман-Шолпан).