Текке

lat: TEKKE

ү с т. Бекерден-бекер, құр босқа, жайдан-жай.

Сен, Қозы, текке қарап жүре алмайсың, Соқтықпа маған десем, тіл алмайсың. Мойныңды қазір жұлып алайын ба, Суымды неге былғап, лайлайсың? (А.Байтұрсынов, Шығ.). 

Бастаған батырлардың бәрін қырды, ұстатпай кейбіреуі қашып жүрді. Сұм патша тоз-тоз қылып есіл елді, Талай қыршын өмірді текке қиды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).