Тексеріс

lat: TEKSERİS

з а т. Тексеру ісі.

Ата берсе баласы молда болар, Қиямет күн тексерісінде болар, Ғазап қылар құдайым сен емесі (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Ауданнан адамдар келіп, талай рет тексеріс жүргізіп, әлек-шәлегін шығарды (С.Жүнісов, Жапанда.).

Тексеріс кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметін, лауазымды адамдардың қызмет бабындағы іс-әрекетін, құжаттардың, заңдардың, ережелердің, нұсқаулықтардың сақталуын, құжаттарда жағдайдың шынайы көрсетілуін, т.б. уәкілетті органдардың бақылау тұрғысынан тексеруі (ҚҰЭ).

Тексеріс кезінде заң бұзушылық фактілерінің кездеспеуі сенімге ие болудың басты кілті («Нұр Астана»).