lat: TEKTONIKA
[ г р е к. tektonіkē] з а т. г е о л.Жер қыртысы және оның қойнауында болып жатқан процестер.
Түбектегі тау жыныстарының тектоникасын, онда газ бен мұнай болуы мүмкіндіктерін анықтайды (Е.Жамалбеков, Түлеген түбек).
2. Жер қыртысының құрылысын және онда болатын өзгерістерді зерттейтін геология ғылымының бір саласы.
Жер туралы ілім, геологияның бір саласы – тектоника қазірғылыми революция қарсаңында («Білім және еңбек»).
Тектониканың негізін 17 ғ-да даниялық ғалым Н.Стенон (1638–86) қалаған. 18 ғ-да М.В.Ломоносов пен шотландтық ғалым Дж. Геттон (1726–97) жер қыртысы құрылымы дамуының алғашқы көтерілу болжамын жасады (ҚҰЭ).