ТЕКТОНИКА

lat: TEKTONIKA

[грек. tektonіkos] з а т. г е о л. 1. Жер қыртысы және оның қойнауында болып жатқан процестер. Түбектегі тау жыныстарының т е к т о н и к а с ы н, онда газ бен мұнай болуы мүмкіндіктерін анықтайды (Е.Жамалбеков, Түлеген түбек). Т е к т о н и к а құбылысына байланысты, яғни теңіз мәңгі мұздан арылып алған соң, маусымдық мұз қай жерде қалың болса, сол тұста жер қабаттары тезірек көтеріле бастады («Лен. жас»). 2. Жер қыртысының құрылысын және онда болатын өзгерістерді зерттейтін геология ғылымының бір саласы. Жер туралы ілім, геологияның бір саласы т е к т о н и к а қазір ғылыми революция қарсаңында («Білім және еңбек»). Т е к т о н и к а н ы ң негізін 17 ғ-да даниялық ғалым Н.Стенон (1638 86) қалаған. 18 ғ-да М.В.Ломоносов пен шотландтық ғалым Дж. Геттон (1726 97) жер қыртысы құрылымы дамуының алғашқы көтерілу болжамын жасады (ҚҰЭ).