ТЕКТОНИКАЛЫҚ

lat: TEKTONIKALYQ

с ы н. Тектоникаға қатысты. Геологиялық білімнен де аздаған хабары бар Шоқанның шамалауынша, бұл қатпарлар т е к т о н и к а л ы қ өзгерістердің куәлары (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Сондай-ақ Жердің терең қабаттарындағы вулканды т е к т о н и к а л ы қ өзгерістерді тексеруге, жер қойнындағы қазба байлықтардың көлемі мен мөлшерін білуге, су астының табиғатын зерттеуге де қодануға болады (“Білім және еңбек”). Жылжу арқылы бақа қабаттарға барып орналасқан мұнай қорлары көбінесе т е к т о н и к а л ы қ терең жер жарықтары арқылы өтеді (М.Маташев, Қара алтын қазынасы).