lat: TELİNÝSHİ
з а т. б и о л. Будандастыру үшін қондырылатын басқа өсімдіктің бүршігі бар өркені.
Телінушіге ауырмаған (вирус, паразитті бактериялар, саңырауқұлақтар), мол жеміс беретін, жоғарғы деңгейдегі өркендері алынады (Қаз. тілі термин. Биология).
Өзінің тамырында өсіп тұрған өсімдікті – телітуші, ал оған әкеліп ұластырылған бүршігі бар бөлікті телінуші деп атайды (Т.Мұсақұлов, Ботаника).