lat: TELİN
е т. 1. Төлі өлген малға басқа төлдің емізілуі.
Ауызданбай, телінбей, ембей қалған бірде-бір қозы жоқ болса, сонда ғана олардың жаны байыз табады (Қ.Нүсібалиев, Қарышта).
Ботасы өлген інгенді ботасы өлмеген інгеннің ботасына телінгенін айтады (Қаз. мал атау.).
2. Әртүрлі өсімдік бұтақтарының бір-біріне будандастырылуы.
Телінетін екі өсімдік тегі жағынан біріне-бірі неғұрлым жақын болса, олар соғұрлым оңай телінеді (Т.Мұсақұлов, Ботаника).
3. а у ы с. Әйелдің ер кісіге қосақталуы, тұрмысқа шығуы.
Қыз сорлылардың шалға телініп, жат босағаны жастанғанымен, өздерінің сол жігіттеріне деген сүйіспеншіліктерін жүректерінің түкпіріне түйіп, өмір бойы жадында сақтап қалғанын білсін (Ә.Нұршайықов, Махабб. жыл.).