lat: TEL
с ы н. 1. Екі енені бірдей қатар емген (төл). Жапырағы жайқалып, Бұлғақтайды, соқса жел.
Жан-жағынан күркіреп, Құйып жатса аққан сел, Оның малы өзгеден, Өзгеше боп өсер тел (Абай, Тол. жин.).
Екі енені тел соруды төл ғана көреді дейсің бе (Х.Есенжанов, Көп жыл.).
2. а у ы с. Қатар, бірге; тең.
Дүниедегі қуаныш, – Бір азғантай жұбаныш. Оның түбі бір налыс, Қайғы мен рақат тел еді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Ақындық кеңшілікпен тел табысқан, Қос өнер – қос қанатым, ел қонысқан. Әрі жар, Әрі сепшіл, Сен ортақсың Менде бар қуат, жігер, ар-намысқа (К.Салықов, Жезкиік).