lat: TELEDIDAR
з а т. а қ п.-Т е х. Электромагнитті толқын арқылы алыстағы бейнені көрсететін техникалық құрылғы.
Шымкентте, үйінде не болып жатыр екен. Шешесі Үмітай, інілері Құрманбек, Тұрғанбек, Рақымбектер де тыпыр етпей теледидар алдында отырғаны анық (С.Балғабаев, Жұлдыз.).
Теледидар түрлі түсті, ақ-қара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіру (ҚҰЭ).
2. Ғылымның, техниканың, қоғамдық өмірдің құбылыстарды, оқиғаларды қашықтан көрсетумен байланысты саласы.
Теледидар ХІХ ғ. соңында пайда болды, португал және орыс ғалымдары А.Ди Пайва және П.И.Бахметьев бір-бірінен тәуелсіз қазіргі теледидардың негізін қалаған көріністі қашықтан үздіксіз берудің қағидаттарын қалыптастырған (Саяси түс. сөздік).
3. Телекоммуникация құралдары арқылы хабарлар мен ақпараттық бағдарламаларды көрсететін бұқаралық ақпарат құралдарының негізгісі. ≈ Қазақ Теледидары.