з а т. с ө й л. Телефонмен жұмыс істейтін адам, байланысшы. – Қазір, сен бөлімшеңмен өзеннің ар жағына өтесің, сендерге екі т е л е ф о н ш ы ереді (М.Ғабдуллин, Сұрапыл жылдар). Өз бетінше, өз еңбегімен өмір сүргісі келген ол ақырында осы Мыстау қаласына келеді. Алдымен т е л е ф о н ш ы болып жұмыс істеп, кейінгі екі жылда сән ательесіне кіред (І.Есенберлин, Ғашықтар). Әліби оларды поштаға алып келді. Олар онда т е л е ф о н ш ы қыз Зинаны тауып алды (М.Жұмағұлов, Қыран қазасы қияда).