lat: TELEGRAF
зат. Тартылған сым арқылы алысқа хабар жеткізетін құрылғы .
Естимісің, құлақ түрші,
Қырдан ескен самалға.
Сәлем айтып жатыр ауыл,
Саған, оған, маған да.
Телеграф сымы тұрған сүйеніп ап бағанға (2,148).
Жалғызаяқ бағаналар тұрды тік,
Бүкіл дүние бір нәрсені тұр күтіп.
Түртіп қалсам телеграф сымдарын,
Азан салып кетер ме екен тіл бітіп?! (3,249).