lat: TELEGRAF
[г р е к. tele – алыстан, г р е к. graphō – жазамын] з а т. 1. Электр қуатымен сым арқылы не сымсыз алысқа хабар жеткізетін құрылғы.
Радист есіктен ентіге кіріп, телеграфтың тұтқасына қолын апарған бойы қарқылдап күліп жіберді (Ә.Сәрсенбаев, Капитан.).
Алынған шешім телеграф арқылы жұмысшы және солдат депутаттарының Советіне сол мезетте хабарланды (М.Қуанышбаев, Кек қылышы).
Аппараттар (құрылғылар) арқылы алыстан хабар алып не хабар таратып отыратын орын, мекеме. Алматы мен аудан орталығынан сөйлесу оңай болғандықтан, Шорман телеграфқа кіріп, өзінің үйін қосуды өтінді (Ж.Жұмаханов, Шұбартау.).
Ауданның телеграфында алып-жұлып бара жатқан не шаруа болсын, келушілер жоқ болғасын, коридордағы шамдарды өшіріп тастапты (Қ.Мұханбетқалиев, Тоғай.).