lat: TELEGRAFIST
з а т. Телеграммалар жібер-іп және қабылдап отыратын маман, қызметкер.
Қожабайда алуан мамандық бар еді: слесарь, электрик, радист, телеграфист (М.Сатыбалдиев, Жартас.). Мектебімізде телеграфистер үйірмесі ашылғанда біріміз қалмай жазылдық (Т.Ыдырысов, Жалынды.).
Телеграфист Жәпекті ол бұрын бетпе-бет көрген жоқ-ты. Білетіндер «ой, анау кертиген енеңді ұрайын ғой» деп талай рет сыртынан нұсқаған. Әкесі де әнеукүні байғұс бала… басқа жұрттың ішінде көбірек жүріп жатбауырлау боп кеткен бе?! (Қ.Мұханбетқалиев, Тоғай.).