lat: TELESKOP
[г р е к. tēle – алыстан, skopeō –қараймын] з а т. Аспандағы жұлдыздарды жақынетіп көрсететін оптикалық аспап; аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал.
Сосын ол лоджияда құрулы телескопқа үңіледі, кең аспанның оңтүстік жартысы бұның бәсіресі, таныс жұлдыздары бар, битанысы және бар – аспанды шарлап кетеді, содан түн ортасында төсекке басын бір-ақ қояды. Телескоп дейтін нәрсе болды тағы Нәрсені көрсетеді алыстағы. Түймені түйедей ғып зорайтады, Баяғы мұны тапқан һүнердағы (М.Дулатов, Шығ.).