1 з а т. Аспандағы жұлдыздарды, жақын етіп көрсететін оптикалық аспап; аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Т е л е с к о п гамма-т е л е с к о п, рентген, ультракүлгін, оптик., инфрақызыл және радиотелескоп; оптик. сұлбасы бойынша айналы (рефлектор), линзалы (рефрактор) және айналы-линзалы т е л е с к о п болып бөлінеді (ҚҰЭ). Т е л е с к о п т а р д ы ң көмегімен фотографиялық, теледидарлық, электронды-оптикалық, т.б. сәуле қабылдағыштарды пайдалану арқылы фотографиялық, спектрлік, т.б. бақылаулар жүргізіледі (ҚҰЭ). Сосын ол лоджияда құрулы т е л е с к о п қ а үңіледі, кең аспанның оңтүстік жартысы бұның бәсіресі, таныс жұлдыздары бар, битанысы және бар – аспанды шарлап кетеді, содан түн ортасында төсекке басын бір-ақ қояды. Бұл семьяда сөйлесу, сырласу салтқа айналмаған (Ә.Тарази, Бұлтқа салған ұясын). Афанас Петрович үш аяқты, мыс қобдиды көтеріп алды да: – Т е л е с к о п – деді. Көзді жұмып жіберіп: Жақсы т е л е с к о п. Бірнеше, миллион тұрады. Жігіттер, т е л е с к о п п е н айды қарап, айда алтын тауларын тапқан ғой (М.Жұмабаев, Шығ.). Т е л е с к о п дейтін нәрсе болды тағы Нәрсені көрсетеді алыстағы. Түймені түйедей ғып зорайтады, Баяғы мұны тапқан һүнердағы (М.Дулатов, Шығ.).