ор. з а т. Теледидар арқылы хабарлар мен ақпараттық бағдарламаларды көрсететін бұқаралық ақпарат құралдарының негізгісі. Театр, музыка, радио, т е л е в и д е н и е, әсіресе кино кең өріс алып отырғанда, жазушының кешегі өткен белесте тоқырап қалуына болмайды (Ғ.Мүсірепов, Суреткер). Театр, кино, т е л е в и д е н и е баланың кітап оқуын ұйымдастыруда шын көмекші болады (Семья тәрбиесі). Сөйтіп синтетикалық ерекшеліктерімен айқындалатын өнер салалары – театр, кино, т е л е в и д е н и е қазіргі заманда бірін-бірі байытып, молығып, қатар, тең егіз өсіп, байып келеді (Р.Нұрғалиев, Өнер алды – қызыл тіл).