Темір

lat: TEMİR

з а т. 1. Берік және салмақты металл; шойын мен болаттың негізгі бөлігі.

Тас қима, темір қақпа, шойын құлып. Тым-тырыс. Жалғыз-ақ жел тұр ғой ұлып. Сасық та, қараңғы да, аш һәм ауру, Кім жатыр екен, әке, тірі өліп? (М.Жұмабаев, Шығ.).

Мынау кім деп сұрасам, Сейіт байдың әкесі Қоңырбай екен сол адам. Оттан киген тоны бар, Темір шоқпар қолында, Біреу келді оңынан, Біреу келді солынан, Шырқыратып, шырлатып, етектеп жүр қолынан (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

2. х и м.ат. ferrum> Элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент.

Темір табиғатта алюминийден кейін көп таралған металл. (ҚҰЭ).

Темір химиялық элемент, символы, атомдық массасы 55,847, күміс түстес ақ металл, тығыздығы 7878кг/м, бал-қу температурасы 1539°С. Илемді, оңай соғылады, қалыпталу, илемделу, сымдалу қасиеттері жоғарыаз. тілі термин. Геология).

3. а у ы с. Шыдамды, төзімді.

Ол дағы ақылынан кетті адасып, Жүрегін ескі дерті қайта басып. Болса да жаны темір шыдата ма Қоштасып жазылған хат амандасты (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).