lat: TEMİRJOL
з а т. 1. Пойыз, трамвай сияқты көліктер жүруге арнап темірден төселген жол.
Тек өз атын, шешесінің атын ғана біледі екен. Әйтеуір алда теміржол бар дегенге, солай қарай басып бара жатқан адамдар әкеп тастапты (Т.Ахтанов, Боран).
2. Теміржол қызметін көрсететін мекеме, өндіріс т.с.с. жалпы атауы.
Кешегі доңыз жылғы жұттан кейін Семей облысына қараған Павлодар, Қарқаралы үйезінен қос-қос қазақ Сібір теміржолдарында тас қазуға жалдану үшін елдерінен босып кеткенін көздері көрген еді (М.Дулатов, Шығ.).
3. Белгілі бір бағытта ғана жүретін, рейсті теміржол торабының жалпы атауы.
«Петропавл – Ақмола» аталатын теміржол ол кезде Көкшетау қаласына ғана жеткен екен (С.Мұқанов, Есею жыл.).