Тембр

lat: TEMBR

р а н ц. tіmbre] з а т. 1. м у з. Дауыстың өзіндік ерекшелігі, сазы; өзіне тән үні.

Дыбыс тембрін клавиш арқылы реттеу жүзеге асырылды (М.Бекбауов, Көгілдір.).

Тембрлері арқылы музыкалық аспаптардың үнін, әншілердің дауысын айыруға болады (К.Қуатбаев, Қысқ. муз. сөздік).

2. л и н г в. Сөзіндегі қуаныш, реніш, ашу сияқты эмоционалды реңктерді анықтайтын интонацияның компоненті.

Сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар бар (Қ.Жарықбаев, Психология).