[франц. tіmbre] з а т. м у з. Дыбыстың сапасы, дауыстың өзіндік ерекшелігі, сазы; өзіне тән үні. Т е м б р дыбыс тербелістерінің формасына байланысты болады. Т е м б р г е музыкалық аспаптың материалы, формасы, дыбыс шығару тәсілі, т.б. әсер етеді (ҚҰЭ). Т е м б р л е р і арқылы музыкалық аспаптардың үнін, әншілердің дауысын айыруға болады (К.Қуатбаев, Қысқаша муз. сөздік). Сөздің интонациясы мен т е м б р і н е, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар бар (Қ. Жарықбаев, Психология). Дыбыс т е м б р і н клавиш арқылы реттеу жүзеге асырылды (М.Бекбауов, Көгілдір.).