Темек

lat: TEMEK

з а т. к ә с. Ауды тартатын құрал.

Екінші кішкене қайықпен ауды қараған Асекең, Жұмабай мен Боранбайлар да едәуір бекірені темекке іліп, «ал, кәне, алайық та», деп тартып жатты (С.Хайдаров, Теңіз.).

Олар қайықтың суын төгіп бола бергенде Рақаң темекті оң қолына ұстап, аудың қанатына жақындады («Қаз. әдеб.»).