lat: TENDER
[а ғ ы л. tender] з а т . э к о н. 1. Жазбаша ұсыныс, өтінім, оферта.
2. Бағалы қағаздарға жазылу, сауда-саттық туралы өтініш.
3. Тауарды фьючерстік биржадағы мерзімді шарт бойынша жеткізу ниеті туралы хабарлама.
4. Қор биржасында қазыналық вексельдерді немесе облигацияларды тиянақты бағамен сатып алуға ұсыныс.
5. Сатып алушы белгілі бір техникалықэкономикалық сипаттамадағы тауарға (нысанға, жобаға, бұйымға, т.б.) байқау жариялайтын саудасаттық, көтере сатып алу нысаны.
Азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес тендер нысанындағы конкурстық саудаластық кезінде оның бастамашысы (ұйымдастырушы) өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасуға (сатушы, сатып алушы, тапсырысшы, мердігер, жалға беруші, жалға алушы және т.б. ретінде) міндеттенеді (Заң термин. қаз.-ор. анықт. сөздігі).
Қазақстанда жаңа блоктар пайда болған жағдайда, яғни тендерге шығарылған тұста «Шеврон Тексако» оған да инвестиция салудың мүмкіндіктерін қарастыратын болады («Егемен Қазақстан»).