ТЕНДЕР

lat: TENDER

2 [ағылш. tender] з а т. э к о н. 1. Жазбаша ұсыныс, өтінім, оферта. 2. Бағалы қағаздарға жазылу, саудааттық туралы өтініш. 3. Тауарды фьючерстік биржадағы мерзімді шарт бойынша жеткізу ниеті туралы хабарлама. 4. Қор биржасында қазыналық вексельдерді немесе облигацияларды тиянақты бағамен сатып алуға ұсыныс. 5. Сатып алушы белгілі бір техникалық-экономикалық сипаттамадағы тауарға (нысанға, жобаға, бұйымға, т.б.) байқау жариялайтын саудааттық, көтере сатып алу нысаны (ҚҰЭ). Азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес тендер нысанындағы конкурстық саудаластық кезінде оның бастамашысы (ұйымдастырушы) өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған т е н д е р қатысушысымен шарт жасасуғаатушы, сатып алушы, тапсырысшы, мердігер, жалға беруші, жалға алушы және т.б. ретінде) міндеттенеді (Заң термин. қаз.-ор. анықт. сөздігі). Таяуда Жейхан, Мина әль-Бакра порты терминалдарындағы қоймаларында сақталып жатқан 10 млн. баррель мұнай сату жөнінде т е н д е р өткізілді («Түркістан»). Қазақстанда жаңа блоктар пайда болған жағдайда, яғни т е н д е р г е шығарылған тұста «Шеврон Тексако» оған да инвестиция салудың мүмкіндіктерін қарастыратын болады («Егемен Қазақстан»).