lat: TENOR
[и т а л. tenore] з а т. м у з. 1. Орта ғасырда (12 ғ-дан) полифониялық шығарманың негізгі ән-әуенін орындайтын басты дауыс (партия).Жоғары регистрде айтылатын ерлер даусы.
Дауыс атаулының талай түрі бар: бас та, баритон да, тенор да, неше түрлі сопрано да – бәрі де осында (З.Қабдолов, Өмір.).
Боздақты бұл үйдің үлкен-кішісі түгел ұнатып қалды. Әсіресе Бекзат… Боздақ өзінің тенор даусымен «Әупілдекті» тамылжыта бастаса-ақ, жас келіншектің жүйкесі босайды (З.Шүкіров, Жас жесір).
2. Үрлемелі оркестрдің қоңыр дауысты аспабы.