Тенорит

lat: TENORIT

з а т. к е н. Тотықтар класына жататын минерал.

Тенориттің химиялық формуласы СuO, құрамында Cu 79,80%, O 20,11%. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Сирек, топырақ, ұн тәрізді агрегаттар түрінде мыс кен орындарының тотығу белдемдерінде кездеседі (ҚҰЭ).