ТЕОРЕМА

lat: TEOREMA

рек. theorema] з а т. м а т. 1. Ақиқаттығы дәлелдеудің нәтижесінде анықталатын математикалық тұжырым. Математиканың кез келген саласы ақиқаттығы бұрынырақ дәлелденген т е о р е м а л а р ғ а сүйене отырып, бірінен соң бірі дәлелденетін т е о р е м а л а р д а н тұрады. Мұнда алғашқы сөйлемдер дәлелденбейтін аксиомалардан тұрады және бұл аксиомалар сол математика саласының логик. негізі болып есептеледі (ҚҰЭ). Жоғарыда қарастырған т е о р е м а л а р жалпы дөңес жиындардың геометриялық сипаттамаларын анықтайды (Ж.Күлеев, Сызықтық программалау негіздері). Фалес математикадағы шындықты дәлелдеу қажеттігін шарт етіп қойған, өзі бірнеше т е о р е м а л а р дәлелдепті деген дерек бар (А.Көбесов, Сөнбес жүлдыз.). 2. Қағида, ереже, заңдылық. Әлгі тақырыпты түсіну үшін алдыңғы жақтан үш т е о р е м а н ы біліп алу шарт, соларды оқыдым (Ә.Тарази, Бұлтқа салған ұясын).