Терек

lat: TEREK

з а т. 1. ө с. Бұтағы жайылмай, тік болып өсетін үйеңкі тұқымдас ірі ағаш.

Жас теректің жапырағы, Жамырайды соқса жел, Түсті мойын Толды қойын, Ақты сел (Абай, Тол. жин.).

Арша ағаш, қызыл ағаш, көкше терек, Жиһанда не нәрсе бар жанға керек, Хазіретке осы ағаштың тұқымдарын Уезд бен Губернатор бергенбөлек ердері Әбубәкір, Қазағым).

2. т е р м и н.<лат. populus> Тал тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш.

Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ терек, қара терек, мырза терек, т.б.) бар. Бұлардың биіктігі 3060 м. Терек әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі (ҚҰЭ).

3. а у ы с. Пана, сая.

Бұл сөзден нендей ғибрат алмақ керек? Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек! Қайырың біреуге еткен болып терек, Көрерсің рақатын көлеңкелеп (А.Байтұрсынов, Шығ.).

4. а у ы с. Биігі, шыңы.

Бүгін тұңғыш тапқандаймын арманымның қорегін, Бүгін тұңғыш суарамын мақсатымның терегін. Сондықтан да ханның тәжін киіп тұрып, ең соңғы, Ең негізгі бұйрығымды беремін! (М.Шаханов, Ғасырлар.).