lat: TERME
с ы н. қ о л ө н е р. Әшекейлеп теріп тоқылған (бұйым).
Бөлменің оң жақ қабырғасына дала қызғалдағындай көздің жауын алатын түсті кілем, қарсы жағына терме алаша ілініпті (Д.Исабеков, Қара шаңырақ).
Шаңырақтан тік түскен күн сәулесі төрде ұстаулы қызыл ала терме алашаның үстіне түсіп тұр (З.Шүкіров, Жас жесір).