(латынша. terminus – шек, шеті, шекарасы деген мағынада) – ғылыми ұғымға айқыи анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әр ғылымға аса қажетті басты ұғымдарды, негізгі ұғымдар жүйесін дәл анықтап беретін сөздерді – қалыптасқан терминдерді орныменқолданудыңүлкентанымдық мәні бар. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы болады. Ал ғылыми ойпікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты, айқын болуы қажет. Сондықтан термин сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттану ғылымында қолданылатын көркем өнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұнмен түр, сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс, көркемдік әдіс, жанр дегендер, міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу ушін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануға ықғайлы болмақ керек. Әдебиеттану ғылымында терминдер та биғатты зерттейтін ғылымдардағыдай немесе логика, философия сияқты қоғамдық ғылымдардағыдай әбден жүйеге түскен, толық қалыптасқан сипатта кездесе бермейді, яғни, термин деген ұғымның қатаңталабына сәйкес келе бермейді. Бұл жағдай әр ғылымның пәніне, зерттейтін объектісіне де, қалыптасқан зерттеу тәсілдеріне де байланысты болса керек. Қалайда әдебиеттану ғылымында нақтылы анықтама беру, жүйелі түрде талдау, топтап жіктеуден гөрі, баяндай айту жағы басым келеді де, ғылыми ұғымның терминдік мағыналық шегін бұлжыт пай, айнытпай, үнемі дәл сақтап отыруға сондайлық мән беріле қоймайды. Ал мұндай жағдай және ғылымда әлі мағынасы толық айқындалмаған «жартылай» терминдердің көп болуы зерттеу жұмысын қиындата түседі. Ғылыми терминдер жүйелі түрде қа лыптасса, әр термин терең мағыналы болып, әдеби құбылыстың сипатын нақтылы, дәл көрсетсе ғана зерттеу еңбектердің теориялық дәрежесін биіктеуге жол ашылады. Терминдік жүйенің дамуы ғылыми танымның өрісін кеңейте түспек. Аристотельдің «Риторика», «Поэтика», Буалоның «Поэзия өнері» жазылған кезден бастап образ, метафора, стиль т.б. ұғымдарды дәл айқын дап, нақтылай түсу мақсатындағы талпыныстар да міне, осыны дәлелдейді. Ал кейінгі кезеңдерге көз жіберсек те, әдебиеттанудың кейбір саласында, мысалы, поэтика, өлең құрылысын зерттеуде негізгі терминдерді бір мағыналы, тұрақты қолдану терең талдауға, жаңа қорытындылар жасауға көмегін тигізді. Қазіргі ғылымда терминологиялық құрылымның жүйелене түсуі, жалпы филологиялық терминдер, оның, әдебиеттану саласы лингвистикалық, соңғы уақытта математика, семиотикатерминдері есебінен толыға түскені бай қалады. Бұл, әсіресе, жазушылардың тіліне, фольклортануға арналған еңбектерден айқын аңғарылады. Қазақ әдебиеттану ғылымында да терминдерді қалыптастыруда бірталай жетістіктер баршылық. Әсіресе, қазақ поэзиясына, сөз өнеріне тән ұлттың сипаттағы әдеби құбылыс тарды, соның ішінде, жырау, жыршы секілді ұғымдарды, ауыз әдебиетінде кең өріс алған суырып салма өнеріне, өлеңжырды, дастанды термелеп айту дәстүріне қатысты ұғымдарды, айтыс, шешендік сөздер, өлең, қарасөз жыр, толғау сияқты сан алуан жанрлық түрлерді сипаттайтын ұғым терминдерді орнықтыруға айтарлықтай назар аударылып келеді. Бұл салада айрықша бағалы еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынов болды. Оның, 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» атты кітабында халық поэзиясына, әдебиетіне қатысты көптеген терминдер алғаш жүйеге түсірілді. Оның бірталайы әдебиеттану ғылымында орнығып, қолданылып келеді. Ал кейбір ксзеңде мән берілмей, не еленбей қалғандарын жаңадан қарап, орнымен қолдану – келешектегі міндет. Соңғы кездерде қазақ тіліндегі терминдер әдебиеттануда ғылыми ойдың дамуына байланысты одан әрі дамып, толыға түсті. Ал алда, бұл салада атқарылатын істер аз емес. Ғылыми ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын терең ашып жеткізетін және өзі жатық, кұлаққа жағымды, көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажеттігі бүгін өмір талабынан туып отыр. Ахметов З.