Ғылым мен техниканың, көркемөнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын, тиянақты тұжырымды ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз. Термин мен сөздің өз ара айырмашылығы бар. Сөз көп мағыналы болса, термин, көбіне, дара мағынаға ие келеді. Тілдегі көп мағыналы сөздер терминдік қасиетке ие болғанда ғана дара мағыналы болады. Терминнің ғылыми мәні зор. Терминдер тілдің грамматикалық заңына сай жасалады. Термин жасаудың бір тәсілі — тілдегі байырғы сөздерге терминдік мән, мағына беріп қолдану. Екі сөзді біріктіру арқылы термин жасау өнімді тәсіл (көркемөнер, бесжылдық, онжылдық), аффиксация арқылы жасау (пулеметші, футболшы, коллективтендіру т.б.), сөз тіркесі арқылы (темір жол, үш бұрыш, өндіргіш күштер).