Терминал

lat: TERMINAL

а т. termіnalіs] з а т. 1. Көлік желісінің ақырғы немесе аралық бекетінде орналасқан және жүк, жолаушы, жолжүк т.б. тасымалдау кезінде жалпы пайдаланудағы көлік түрлерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін құрылғылар кешені.

Контейнерлік терминал жалпы пайдаланудағы көлік кәсіпорнының, өнеркәсіп орнының т.б. жанындағы ұйымдық жағынан өзара байланыстырылған және контейнерлерді қабылдаумен, қайта тиеумен, сақтаумен, сұрыптаумен, сондай-ақ жүк жөнелтушілерге, жүк алушыларға, жүк тасушыларға т.б. коммерциялық ақпараттық қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар орындалатын арнаулы ғимараттар мен техникалық құрылғылар кешені (ҚҰЭ).

2. Есептеуіш жүйенің құрамындағы ақпаратты жүйеге енгізуге және ақпаратты одан шығаруға арналған ақырғы тасығыш құрылғы.

Электронды терминал адамның қатысуымен ақпаратты енгізуге және шығаруға арналған электронды құрылғы (ҚҰЭ).